Отбасылық әл-ауқатты арттыру, ана мен баланы қорғау, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу елдің мемлекеттік саясатының негізгі бағыттарының бірі болып қала береді. Сарапшылардың пікірінше, отбасын материалдық қолдау ғана емес, өмірлік қиын жағдайға тап болғанда да кешенді көмек көрсетіліп келеді. Ол үшін психологиялық, құқықтық және әлеуметтік қолдау қызметтері қолға алынып, түрлі жобалар іске асырылуда. Мұның бәрі Отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы аясында жүргізілуде. Еске салсақ, бүгінде елімізде 160 отбасыны қолдау орталығы жұмыс істейді. Өткен жылы және биылғы жыл басынан бері бұл қызметке ондаған мың қазақстандық жүгінген.
Елена Тарасенко, ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары:
- Негізгі мәселе – бұл отбасын қолдау орталықтарын құру. Ең алдымен отбасын құқықтық, психологиялық, консультациялық, әлеуметтік қолдауды жүзеге асыруға бағытталды. Өмірлік қиын жағдайға тап болған немесе қолдау мен көмек қажет жағдайда кез келген отбасы көмек сұрай алады. Отбасын қолдау орталықтары, ең алдымен, аудандық деңгейде құрылды.