Жаңа Конституцияға сай бірқатар заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізілгенін білеміз. Осыған орай елімізде тамыз айында да біраз құжат күшіне енеді. Айдың басты оқиғалары келесідей.
1-ші тамыздан бастап гидтер мен экскурсия жетекшілері жаңа қағидамен жұмыс істейді. Құжатқа сәйкес, бұл қызметпен ҚР азаматтары ғана айналыса алады. Сондай-ақ 4киік мүйізін сату ережелері өзгерді. Жануардың мүйіздері, сондай-ақ олардан өндірілген өнімдерді өткізу электрондық конкурс арқылы жүзеге асырылады.
Тағы бір жаңашылдық - 25 тамыздан бастап 65 жастан асқан және мүгедектігі бар жүргізушілер екі жылда бір рет міндетті медициналық тексеруден өтуі қажет. Сонымен қатар барлық санаттағы жүргізушілер үшін электрсамокатымен жаяу жүргіншілер жолында жүруге тыйым салынады. Ал кәмелетке толмағандарға оларды тізгіндеуге рұқсат етілмейді.
Енді бір өзгеріс - 25-ші тамыздан бастап алимент жаңа тәртіппен төленеді. Қаражат арнайы банк шотына аударылады. Мақсат – ақшаны тек балаға немесе еңбекке қабілетсіз адамды асырауға жұмсау.