Алатауда биоотын шығарылмақ

  • 7
  • 04.08.2026, 19:33

Алатау қаласын дамытуға Гонконгтық ірі инвестор келуі мүмкін.

Премьер-министр Олжас Бектенов Full Vision Capital компаниясының негізін қалаушы доктор Питер Лимен кездесу өткізді. Тараптар энергетика экологиялық таза авиациялық отын өндірісі, зияткерлік энергетикалық шешімдер және энергияны жинақтаудың заманауи жүйелерін енгізу мәселелерін талқылады. Алатау қаласының аумағында алғашқы тәжірибелік пилоттық жобаны іске қосуға да ерекше назар аударылды. Питер Ли Full Vision Capital компаниясы ұзақ мерзімді серіктестікке, инновациялық технологияларды енгізуге ниетті екенін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша Alatau City Authority еліміздің энергетика, ауыл шаруашылығы және көлік министрліктері мен Full Vision Capital компаниясы арасында Green Kazakhstan жобасы бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Құжат авиациялық отын өндіру бойынша – ауыл шаруашылығы шикізатын өсіруден қайта өңдеу мен дайын өнімге дейінгі экожүйені құруды қарастырады.