Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров ТМД Парламентаралық Ассамблеясының байқаушылар делегациясының басшылығымен кездесті. Жүздесуде Құрылтай депутаттары сайлауына дайындық барысы талқылады. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы ТМД байқаушыларының еліміздегі саяси науқандарға тұрақты түрде қатысып келе жатқанын атап өтті.
Айталық, Құрылтай сайлауына 250-ден астам халықаралық байқаушы тіркелген. Олардың қатарында Еуропа елдері мен ТМД мемлекеттерінің өкілдері бар. Алда байқаушы саны көбеюі мүмкін, тіркеу 17 тамызға дейін жалғасады. 9 шет мемлекет пен 4 халықаралық ұйымнан 155 кандидатты аккредиттеуге ұсыныс түскен.
Елена Еременко, ТМД Парламентаралық Ассамблеясының халықаралық байқаушысы:
- Халықаралық байқаушылар жинаған барлық мәліметтерді институтымыздың сарапшыларына жолдаймыз. Бұл сайлау процесін әділ бағалауға мүмкіндік береді. Жиналған мәліметтің барлығы кейін Қазақстандағы сайлауды ұйымдастыруға жауапты ұйымдарға ұсынылады.