Жалпыұлттық социал-демократиялық партия өкілдері Ақмола облысы, Сандықтау ауданындағы орталық кітапханада болып, қызметкерлер, мәдениет және білім саласы өкілдерімен еңбек жағдайын талқылады. Шараға қатысушылар әлеуметтік қолдау көрсету, айлық жалақыны көтеру, ауылдағы инфрақұрылымды дамыту мәселелерін көтерді.
Ал Қостанайдың саябақтарында суперқаһарман пайда болды. Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның өкілі осындай кейіпке еніп, тұрғындарға үгіт-насихат материалдарын таратты. Белсенді сайлаушыларға алдағы Құрылтай сайлауы мен партияның сайлауалды бағдарламасы туралы айтып берді. Промоакция барысында коалиция өкілдері ондаған қоғамдық орындарда болып, жұртшылықпен жүздесті.
Ербол Аханов, ЖСДП облыстық филиалының өкілі:
- Акцияның ерекшелігі неде десеңіз, қала көшелеріне біздің социал-демократ суперқаһарманы шығып, біздің партияның ақпараттық парақшаларын таратып, біздің жетістіктермен таныстыру. Тұрғындарды біздің атқарған жұмыстармен таныстырып жатырмыз. Тұрғындардың қабылдауы өте жақсы.