Қызылорда облысында «Байтақ» партиясының республикалық экокеруені жолға шықты. Акцияның ресми ашылуы Арал қаласындағы «Балықшылар аллеясында» өтті. Шара барысында жергілікті белсенділерге партия туы табысталды. Қатысушылар жалауға өз қолтаңбаларын қалдырып, бұл сәтті естелікке айналдырды.
Керуен елдің алты облысы мен республикалық маңызы бар екі қаланы қамтып, Астанада түйінделеді. Онкүндік сапар барысында партия өкілдері тұрғындармен жүздесіп, сайлауалды бағдарламаны таныстырады. Сонымен қатар әр өңірдегі экологиялық және әлеуметтік мәселелерді талқылау жоспарланған.
Азаматхан Әміртаев, «Байтақ» партиясының төрағасы:
- «Заң мен тәртіп», яғни елімізде сапалы заңдар болу керек және сол заңдар орындалып, іске асуы керек. Міне, осы қоршаған ортаны қорғау мәселесінде «Байтақ» жасылдар партиясының орны маңызды