Павлодарда ҚХП өкілдері еңбек мәселелерін талқылады

  • 7
  • 04.08.2026, 19:42

Павлодарда Қазақстан Халық партиясының өкілдері кәсіподақ ұйымдарының жетекшілерімен кездесті. Жиында партияның сайлауалды бағдарламасында қамтылған еңбек және әлеуметтік салаға қатысты ұсыныстар таныстырылды. 

Кездесу барысында кәсіподақ өкілдері өздерін толғандырған сауалдарын қойып, еңбек қатынастары саласындағы өзекті мәселелерді көтерді. Тараптар жұмысшы құқығын қорғау, еңбек қауіпсіздігі, жалақының уақытылы төленуі, әлеуметтік қолдау, кәсіподақтардың еңбек ұжымдарындағы рөлі мәселелерін талқылады. Сондай-ақ білім беру, денсаулық сақтау, адами капиталды дамыту және ауыл жастарын жұмыспен қамтуға қатысты ойларын ортаға салды.

Асылбек Нұралин, Қазақстан Халық партиясынан құрылтай депутаттығына кандидат:

- Біздің жаңағы еңбекшілеріміздің өкілдері осы жерде болды. Олар бізге көп сұрақ қойды. Өздерінің ойларын ортаға салды. Одан қатар біз әлеуметтік мәселелерге көп көңіл бөлуіміз керек. Сонымен қатар біз анау адами капиталға салынған инвестиция туралы да айттық. Ол мәселені елдің ұзақ мерзімді дамуының басты кепілі деп ойлаймын.