СҚО-да «Ауыл» өкілдері еңбек ұжымдарымен кездесті

  • 7
  • 04.08.2026, 19:45

«Ауыл» партиясының атынан Құрылтай депутаттығына кандидаттар Солтүстік Қазақстан облысында сүт зауыты мен тұрғындарды ауызсумен қамтып отырған коммуналдық мекеме ұжымымен кездесті. Басқосуда сүтті мал шаруашылығын, қайта өңдеу саласын дамыту, отандық тауар өндірушілерді қолдау, азық-түлік қауіпсіздігі және ауызсу мәселелері талқыланды.

Партия өкілдері тұрғындармен пікір алмасып, ауылдық жерлерде қандай түйіткілді мәселелер барын білді.

Қайрат Айтуғанов, «Ауыл» партиясының төрағасы:

- Құрылтайға 69 кандидат. Олар Қазақстан бойынша барлық өңірлерде жүр. Ақмола облысы, Қостанай облысы, СҚО-да. Енді қалған 3 аптада 7 өңірді аралап шығамын. Бүгінгі кездесу өте жақсы өтті, жұмысшылармен, технологтармен сөйлестік.