«Ақ жол» партиясының кандидаттары Жамбыл облысына сапарының екінші күнінде былғары мен аяқкиім өндіретін зауытқа барды. Өндіріс орнын аралап, еңбек ұжымымен кездесті.
Жиында Құрылтай сайлауының маңызы түсіндіріліп, саяси ұйымның сайлауалды бағдарламасы таныстырылды. Өндірісті дамыту, кәсіпкерлікті қолдау және еңбек адамының мәртебесін арттыру мәселелері көтерілді. Дәл осындай іс-шара Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасында жалғасты. Медицина қызметкерлері саладағы өзекті мәселелерді көтеріп, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстарын айтты.
Дания Еспаева, «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы:
- «ТаразКожОбувь» – керемет 65 жылдық тарихы бар өндіріс. Бірақ бүгінгі күні 25% дейін жұмыс істеп тұр. 100 пайыз жұмыс атқаруы үшін кедергілер бар. Сол кедергілерді шешу үшін біз өзіміз болашақта заң бойынша шешімдер табуымыз керек.