Түркістанда Respublica партиясының сайлауалды кездесулері өтті

  • 7
  • 04.08.2026, 19:44

Respublica партиясының өкілдері Түркістандағы бірнеше кәсіпорында болды. Алдымен тоқыма өнеркәсіптік кешенінің, одан кейін өндірістік аймақтағы кәсіпорын жұмысшыларымен кездесті. Еңбек ұжымдарына партияның сайлауалды бағдарламасындағы негізгі басымдықтар таныстырылды. Өндірісті дамыту, кәсіпкерлікті қолдау және еңбек адамының мәртебесін көтеру мәселелері талқыланды.

Партияның мүшелері «Ақжайық» музыка мектебінің ұжымымен де кездесіп, білім беру жүйесін дамыту, жастарды қолдау жайында пікір алмасты. Ал әскери қызметін өтеген жастардың тегін білім алуы, студенттерді жатақханамен қамту мәселесі «Фараб» кітапханасындағы кездесудің басты тақырыбына айналды. Вейптерге толық тыйым салу, лудоманияға қарсы заңнаманы күшейтуге ерекше назар аударылды. 

Олжас Құспеков, Respublica партиясы атынан Құрылтай депутаттығына кандидат:

- Өзіміз негізі жастар партиясымыз барлығымыз. Жастардың көп сұрақтары, қызығатындай ұсыныстары бар екен. Жастар кәсіпкерлігі бар, жастардың жатақханасы бар, жастардың тәжірибеден өтуі, жұмысқа орналасуы барлық сұрақтар - ол осы күнге дейін де болған нәрселер.