«Әділет» партиясының сайлауалды штабы Батыс Қазақстан облысында болды. Саяси ұйым өкілдері Орал қаласындағы Жастар мәдениет сарайында жұртшылықпен кездесті. Тұрғындар энергетиканы дамыту, коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту, ауылдық аумақтарды қолдау, жаңа жұмыс орындарын ашу және тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру мәселелерін көтерді.
Партия өкілдері «Орал трансформатор зауыты» мен «QAZAQGAZ AIMAQ» компаниясының филиалында да болды. Кездесу барысында отандық өнеркәсіпті дамыту, өндірістерді жаңғырту, қазақстандық өндірушілерді қолдау мәселелері талқыланды.
Айдос Сарым, «Әділет» партиясы сайлауалды штабының мүшесі:
- Үш атом станциясын салайын деп жатырмыз. Энергетика саласын түгел жаңалайын деп жатырмыз. Қала-қаладағы, облыстағы жылу орталықтары бар, электр жүйесі бар, ескіргені бар. Осының бәрін жаңарту – алдағы 5 жылдың міндеті. Оған 13 трлн ақша бөлінейін деп жатыр.