Қазақстан Орталық Азия елдері арасында әл-ауқат индексі бойынша көш бастады.
Бұл туралы Ұлыбританияның Legatum Institute сараптамалық орталығы жүргізген зерттеу нәтижесінде белгілі болды. Жаңартылған рейтингте Қазақстан әлем бойынша 66-орынға тұрақтады.
2011 жылдан бері еліміз 17 сатыға көтерілген екен. Ең үлкен ілгерілеу денсаулық сақтау саласында тіркелген. Бағалау барысында экономика, білім беру және инвестициялық ахуал сияқты көрсеткіштер ескерілген. Аймақтағы өзге елдердің әл-ауқат индексі төменірек. Мәселен, Қырғызстан 87-ші, Өзбекстан 94-орынға жайғасса, Түрікменстан 150-орынмен өңірдегі тізімді түйіндеген. Жалпы зерттеу барысында әлемнің 167 елі қамтылған.
Айта кетейік, Legatum Institute экономика мен әлеуметтану салаларын ұштастыра зерттейтін беделді сараптамалық орталықтардың бірі саналады.