«Әділет» партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидаттар Қызылорда халқымен кездесті. «Өнер орталығында» өткен жиынға зиялы қауым, ұстаздар, дәрігерлер мен мәдениет саласының қызметкерлері қатысқан.
Кездесуде басқару жүйесін орталықсыздандыру мен Халық кеңесінің рөлін арттыру, орта бизнесті дамыту және офтейк-келісімшарттардың маңызы туралы сөз болды. Сонымен қатар «Заң мен тәртіп» қағидаты, экологиялық қауіпсіздік, ана мен бала денсаулығын қорғау мәселелері қамтылды. Өңірдің зиялы қауым өкілдері, білім мен мәдениет саласының мамандары, ардагерлер көкейтесті мәселелерді ортаға салып, ұсыныстарын жеткізді.
Үнзила Шапақ, «Әділет» партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидат:
- Барлық жұртшылық өкілдерімен кездесеміз. Университеттегі ғалымдармен, ұстаздармен, нақты өндірістік сектордың өкілдерімен де кездесіп, «Әділет» партиясының бағдарламасында айқындалған негізгі құндылықтар мен бағыт-бағдарларға тоқталатын боламыз. Осы бағдарламаны таныстыру барысында жұртшылықтың пікірін де тыңдап жатырмыз. Олардың тарапынан да көптеген ұсыныс айтылып жатыр.