Қазақстан Халық Партиясының өкілдері Риддер қаласына барып, ондағы жол-құрылыс мекемесінің еңбек ұжымымен кездесті. Алдымен саяси ұйым мүшелері жиналғандарға алдағы Құрылтай сайлауы жайлы ақпарат беріп, партия бағдарламасымен таныстырды. Қарапайым жұмысшылармен жүздесу барысында адам құқығының қорғалуы, өндірістегі техникалық қауіпсіздік талаптары, кәсіподақ ұйымдарының белсенділігі туралы әңгіме қозғалды.
Кеншілер шаһары саналатын Риддерде 50 мыңнан аса халық тұрады. Жиынға қатысқан тұрғындар өздерін алаңдатқан сұрақтарды қойып, ұсыныстарын да ашық білдірді. Сонымен қатар транспорт және әлеуметтік инфрақұрылым сапасын арттырып, шағын қалаларды дамытуға ден қойылса деген ойларын айтты.
Ләззат Сүлеймен, ҚХП атынан Құрылтай депутаттығына кандидат:
- Белсенді кездесу өтті және азаматтар әсіресе әйелдер өте өзекті мәселелерді қозғады. Бұл жерде өте өзекті көтерілген мәселелердің бірі - ол өндірістік қауіпсіздікті қорғау, жай азаматтардың үйлеріне, бала-шағасына аман-есен келуін мемлекет тарапынан, жұмыс берішулер тарапынан қамтамасыз ету мәселесі.