«Ауыл» партиясы агроөнеркәсіп мәселелерін талқылады

  • 6
  • 05.08.2026, 19:48

«Ауыл» партиясының кандидаттары Қарағанды облысындағы аграрлық сала өкілдері және кәсіпорын қызметкерлерімен кездесті. Алдымен ұн мен жарма өндіруге маманданған өндіріс орнына барды.

Кездесу барысында өңдеу өнеркәсібін дамыту, отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, агроөнеркәсіп кешенін қолдау сынды мәселелер талқыланады. Одан кейін Нұра ауданына қарасты элиталық тұқым өсірумен айналысатын және көпсалалы «Шахтерское» ауыл шаруашылығы жұмысшыларымен жолықты. Кездесу барысында «Ауыл» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылып, түсіндірілді.

Қайрат Айтуғанов, «Ауыл» партиясының төрағасы:

- Осы мекеменің 16 мың гектар жері бар. Мұнда бидай мен арпа егіледі. Өндірілген өнімдер, соның ішінде ұн мен құрама жем төрт мемлекетке экспортталады. Халықпен кездескенде көптеген ұсыныс айтылады. Ең көп көтерілетін мәселелер – жол, су және интернет мәселесі.