«Ақ жол» партиясы Астанада еңбек ұжымымен жүздесті

  • 6
  • 05.08.2026, 19:44

Астанада «Ақ жол» демократиялық партиясының өкілдері «Marden» бизнес-орталығы ұжымымен және жалға алушыларымен кездесті. Жиналғандарға саяси ұйымның тұғырнамасы таныстырылып, негізгі басымдық берілген бағыттан туралы айтып берді. Сонымен бірге отандық спорт пен шағын және орта бизнесті қолдау, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін жетілдіру жайы талқыланды. Қатысушылар жас отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету, банкроттық жариялауға қатысты сұрақтарын қойды.

Мейрамгүл Қабдығалиева, «Ақ жол» демократиялық партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидат:

- Тыңдармандарымызға біздер өзіміздің бағдарламамыз жөнінде және партиямыздың қолжеткізген нәтижелері, жоспарлары туралы айтып кеттік. Біздің «ақ жолдастарымыз» қазіргі кезде белсенді жұмыс істеуде. Әрбір еңбек ұжымдарымен, шағын және орта бизнес өкілдеріменен, үлкен өндірушілермен кездесуде сол партиямыздың бағдарламасымен таныстырып, үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде.