Respublica партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидаттар Тараздағы бірнеше еңбек ұжымымен кездесті. Алдымен олар металлургия зауытына барып, өндіріс барысымен танысып, кәсіпорын жұмысшыларымен пікір алысты. Кейін партия өкілдері құс етін өңдеу зауытында болып, еңбек ұжымымен жүздесті.
Кездесулер барысында кандидаттар денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру, кәсіпкерлікті қолдау, еңбек адамдарының мәртебесін арттыру және өңірлерді дамытуға бағытталған бастамаларды таныстырды. Саяси жиын кезінде сайлаушылар көкейдегі сұрақтарын қойып, өз ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.
Олжас Құспеков, Respublica партиясы төрағасының орынбасары:
- Халық өте белсенді. Халықтың үкіметке сенімі үлкен, артқан. Конституциялық өзгеріс болды, одан кейін қазір Құрылтай сайлауы бар. Соған үлкен сенімдері бар, үлкен аманаттары бар.