Алматыдағы Балаларға шұғыл медициналық жәрдем көрсету орталығына жыл басынан бері күйік шалған екі мыңға жуық бүлдіршін түскен. Олардың тең жартысына операция жасалып, ауруханаға жатқызылған. Басым бөлігі қызып тұрған затты ұстап алған. Күйік шалған баланы қалай емдеу керек?
Түркияның білікті комбустиологтары мен хирургтары терең күйіктерді емдеу, тері пластикасы және бүлінген теріні хирургиялық жолмен түзету тәжірибелерімен бөлісті. Олар бес күн бойы алматылық хирургтармен бірге операция жасайды.
Раджа Жұмаділдаев, БШМЖО Күйік шалу бөлімінің меңгерушісі:
- Бұл кісілер бізге өз елінен біздің ауруханаға сыйлық ретінде екі жабдық әкеліп берді. Өте қымбат жабдық. Осы қазіргі замануи жабдықтарына қарағанда бұлардың эстетика жағынан, ота кезінде және отадан кейін кезеңнің мерзімі азаяды. Косметикалық жағынан өте маңызды рөл атқарады.
Эмрах Шенел, балалар хирургы (Түркия):
- Балаларды күйік шалу бүкіл әлемде жиі болады. Мысалы, Түкияда оның алдын алуға шама жетпей тұр. Күйік тек денеде тыртық қалдырып қоймай, психологиялық жарақат та қалдырады. Себебі әр тексеру кезінде күйік қалған сәті еске түсіп, күйзелісті қайта бастан кешіреді.