Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның өкілдері Қарағандыда жастармен кездесу өткізді. Ашық диалог барысында білім мен ғылымды дамыту, жас мамандарға қолдау көрсету, инновация мен кәсіпкерлікті дамыту мәселелері талқыланды. Басқосуда еңбекпен қамту, кәсіби қалыптасу, жастарды қоғамдық өмірге тарту жайы сөз болды.
Социал-демократтардың атынан Құрылтай сайлауына түсіп жатқан кандидаттар Көкшетаудағы мектептердің бірінде де болды. Ұстаздармен кездесу кезінде инклюзивті білім беруді дамыту, ерекше қажеттілігі бар балалармен жұмыс істейтін мамандарды дайындау мәселесі талқыланды.
Ілияс Жанғали, ЖСДП атынан Құрылтай депутаттығына кандидат:
- Қазіргі таңда біздің өңірімізде көптеген ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушылар үшін қолайлы жағдайлар жасалынды. Бірақ оны әрі қарай дамыту үшін бізге сол қарқынды жұмыс жасауымыз керек.