«Байтақ» жасылдар партиясының қатары жаңа мүшелермен толықты. 50-ге жуық азамат партияға кіруге өтініш білдірген. Олардың қатарында экологтар, ғалымдар, әскери қызметкерлер және өзге де сала мамандары бар.
Партия өкілдерінің айтуынша, жаңа мүшелердің басым бөлігі ұйымның қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды сақтау және экологиялық қауіпсіздікті күшейтуге бағытталған ұстанымын қолдайды.
Айта кетейік, «Байтақ» партиясының негізі 2015 жылы қаланып, 2022 жылы ресми тіркелген. Қазір еліміздің 20 өңірінде саяси ұйымның филиалы жұмыс істейді. Ал мүшелер саны 100 мыңнан асады.
Дидар Сәтбекұлы, «Байтақ» жасылдар партиясы Астана филиалының төрағасы:
- Өтініштер түсіп жатыр. Бүгін негізгі салтанатты рәсім ретінде өткіздік. Жұмыс былай жүйелі ретінде өткізу жұмыс ара қарай жалғаса береді. Келесі сатыда басқа адамдарды сол тарапта қабылдай береміз.