Қоғамдық саясат институты сайлау қарсаңында елдің 17 өңірі және Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, 18 жастан асқан азаматтар арасында жүргізілген сауалнама нәитижесін жариялады. Оған сәйкес, респонденттердің 89,4% алдағы сайлау туралы жалпы, ал 55,2%-ы толық хабардар. Сұралғандардың 34,2%-ы естігенін, бірақ егжей-тегжейлі білмейтінін айтқан.
Сондай-ақ сауалнамаға қатысқандардың 72,3%-ы дауыс беруге баратындарын жеткізсе, 11,9% бармайтынын ашық айтқан. Сұралғандардың 15,8%-ы әлі шешім қабылдамаған, 0,5%-ы жауап беруге қиналатындарын білдірген.
Сауалнама қортындысына сәйкес, азаматтардың электоралдық таңдауы бойынша «Әділет» алда келеді. Сұралғандардың 67,3%-ы осы партияға дауыс бермек. Екінші орында 6,2%-бен «Ауыл» партиясы тұр. Респонденттердің 5,5 процент таңдауына ие Respublica партиясы үшінші тұр. Ізін ала 4,8%-бен «Ақ жол» және 4,3 пайызбен «ЖСДП» орналасты. Қазақстанның Халық Партиясына респонденттердің 3,9%-і дауыс берсе, соңғы орын Байтақ жасылдар партиясына тиесілі - 1,1%. Мұның сыртында сұралғандардың 1,6%-ы барлық партияға қарсымын десе, 5,3%-ы әлі шешім қабылдамаған.