Сайлауалды үгіт-насихат кезеңінің 15-ші күні. Respublica партиясының өкілдері Алматыдағы бірқатар өндіріс орындарын аралап, жұмысшылармен кездесті.
Кездесу барысында кәсіпорындардың қазіргі жағдайы, өндірісті дамыту және еңбек ұжымдарын алаңдатқан мәселелер талқыланды. Сондай-ақ отандық өндірісті қолдау, кәсіпкерлерге тұрақты әрі әділ ереже қалыптастыру және қазақстандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жайы сөз болды. Партия өкілдері жұмысшылардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
Сырымбек Тау, Respublica партиясының тең төрағасы:
- Шағын және орта кәсіпкерлер жалпы Қазақстандағы 9 миллион адам жұмыс істейтін болса, соның 4,5 миллионына жұмыс беріп отыр. Әр өңірде біз кәсіпкерлермен қандай проблема бар, қандай шешімі табылмай жатқан дүниелер бар осыны мұқият тыңдап жүрміз.