Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысында тауарлы сүт фермасы қолданысқа берілді. Онда Германиядан 585 бас асылтұқымды мал әкелінген. Жыл соңына дейін тағы 660 сиыр жеткізіледі. Ал Абай облысында күнбағыс тұқымын өңдеп, өсімдік майын өндіретін зауыт ашылды. Жаңа кәсіпорын тәулігіне 300 тоннаға дейін өнім береді. Сондай-ақ Қызылорда облысында жылына 6 мың тоннаға жуық құс етін өндіретін фабрика жұмысын бастады. Ал Қарағанды облысында кірпіш зауыты жұмыс істеп тұр. Мұнда жылына 45 млн кірпіш өндіру жоспары бар. Жаңа жобалар нарықтағы отандық өнім үлесін ұлғайтып, жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал етіп отыр.