Қазақстанда «IT әйел» жобасы арқылы 4100 әйел оқу курсынан өтті

  • 7
  • 10.08.2026, 19:55

Қазақстанда мемлекеттік гендерлік саясатты дамыту бойынша «IT әйел» жобасы арқылы 4100 нәзікжанды оқу курсынан өтті. Бұл олардың цифрлы технологияларды меңгеріп, табыс көзін арттыруға мүмкіндік берді. Әлеуметтік бастаманың жүзеге асуына ұлттық комиссия ықпал етті. Оның мүшесі Елена Семидоцкихтің айтуынша, аталмыш бағдарлама еңбек нарығындағы кадр тапшылығы мәселесін де шешуге оң ықпал етті.

Елена Семидоцких, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі:

-Әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту үшін «IT әйел» жобасы іске қосылды. Оның аясында жұмыссыз немесе бала күтімімен үйде отырған нәзік жандылар оқудан өтіп, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болды. Сондықтан бұл бастаманың маңызы өте зор.