Отандық су үнемдеу технологиясы нарыққа шығады

  • 5
  • 10.08.2026, 19:53

Отандық өндірушілер Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты әзірлеген су үнемдеу құрылғыларын нарыққа шығаруды жоспарлап отыр. Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше, жаңбырлатқыш саптамалар мен жаңбырлатып суару машиналарын өндіру, шығарылатын өнімді сертификаттау, сондай-ақ жаңбырлатып суару машиналарын Қазақстан нарығында сату және кейін экспортқа шығару жоспарда. Жоба іске асқан кезде импортты отандық өнімдермен алмастыруға мүмкіндік болады. Бұл жаңбырлатып суару машиналарының өзіндік құнын төмендетіп, отандық техниканың бәсекеге қабілеттілігін арттырады.

Сабыржан Жәдігеров, ҚР Су ресустары және ирригация министрлігі инновациялық саясат басқармасының бас сарапшысы:

-Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты су үнемдеу құрылғыларын өндірушілермен бірлесіп, ғылыми негізделген су үнемдеу суару технологияларын енгізу және ұйымдастыру жобасын жүзеге асырып жатыр. Негізгі міндеттеріне жаңбырлатқыш саптамалары мен жаңбырлатып суару машиналарын өндіру шығаратын өнімді сертификаттау, сондай-ақ жаңбырлатып суару машиналарын Қазақстан нарығында сату және кейін экспортқа шығару кіреді.