Маңғыстау облысында Каспий айдынына жанар-жағармай төгілді. Түпқараған ауданының тұрғындары Аташ жағажайында су бетіне жайылған дизель отынын байқап, құзырлы органдарға хабар берген. Соңғы екі тәулікте оқиға орнында экологтар теңіз суынан сынама алып, мониторинг жүргізді. Қазір қайық пен дрон арқылы жағалау жиегін шолу жұмыстары жалғасып жатыр. Мамандар сол аумақта жүрген кеме экипаждары және порт қызметкерлерімен кездесіп, табиғатты қорғау талаптарын қатаң сақтауды ескертті.
Қайсар Нәдірбек, Экология департаментінің бөлім басшысы:
- «Каспий теңізінің жағалауында май қалдықтарының ізі анықталды», - деп хабарлама келді. Шолу жұмыстары барысында Аташ, Баутин елді мекендері теңіз жағалауынан су сынамалары алынды. Қазіргі жағдайда ол жерде талдау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Талдау жұмыстары нәтижесіне орай тиісті шаралар қабылданатын болады.