Таразда ескі үйлер тегін жөнделіп жатыр

  • 7
  • 11.08.2026, 19:44

Таразда 50 жыл бұрын салынған ескі үйлер тегін жөнделіп жатыр. Бұл бастама қаланың сәулеттік келбетін бірыңғай үлгіге келтіру үшін 2 жыл бұрын қолға алынған. Биыл 9 көпқабатты үй жаңа кейіпке енеді. Баспаналардың шатыры ауыстырылып, сырты жаңартылады.

Жөндеу жұмыстарына қала бюджетіненен биыл 1,5 миллиард теңге бөлінген. Жалпы шаһардағы 1 438 көппәтерлі тұрғын үйдің үштен бірі қайта жаңғыртуды қажет етеді. Соңғы 2 жылда соның 27-і жөнделген.

Мақсат Рахымбеков, қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімінің басшысы:

- 9 үйде әрқайсысында кемі 25-30 адамнан жұмыс істеп жатыр. Бұл жерде сыртқы қабырғаларды қаптаумен бөлек жұмысшылар тобы, шатыр бөлек. Қазіргі таңда жұмыстар 80 пайызға аяқталған. Үйлердің шатыры толық орналастырылған. Сыртқы қабырғаларында майда жұмыстар жүргізілуде. Қазан айында толық аяқталатын болады.