Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының сайлауалды штабы өңірлерде халықпен кездесуін жалғастырып жатыр.
Депутаттыққа кандидаттар Алматы облысында ардагерлермен және зейнеткерлермен жүздесті. Жиналғандар әлеуметтік қолдау мәселелері мен тұрғындар тарапынан түскен ұсыныстарды талқылады. Сонымен қатар қатысушылар халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған бастамаларды қарастырды. Ардагерлер мен зейнеткерлерге сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары туралы да ақпарат берілді.
Нұрым Нұрлыбеков, ЖСДП Алматы ОФ төрағасы:
- Кездесудің басты мақсаты – осы үлкен кісілердің қандай ұсыныстары бар екенін тыңдау. Сол мақсатта біз осындай кездесу өткіздік. Қандай да бір мәселе болса, қандай да бір шешілмей жүрген түйткілдер болса, біздің филиалдың есігі әрдайым ашық. Біздің филиалға келіп, өз шағымын айтуға болады, біз сол шағымдарды тыңдауға дайынбыз.