ҚХП медицинадағы мәселелерді талқылады

  • 4
  • 11.08.2026, 19:39

Қазақстан Халық партиясының өкілдері Шымкентте медицина қызметкерлерімен кездесті. Қалалық №2 ауруханада өткен жиында сала мамандарының күнделікті жұмыс барысында кездесетін өзекті мәселелері талқыланды. Кездесуде сондай-ақ медицина саласына жас мамандарды тарту, олардың кәсіби біліктілігін арттыру және еңбек етуіне қолайлы жағдай жасау тетіктері сөз болды.

Партия өкілдерінің пікірінше, медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесін көтеру және олардың еңбек құқығын қорғау – маңызды міндеттердің бірі.

Лязат Ақтаева, Қазақстан Халық партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидат:

- Сонымен қатар МӘМС шығындарын толық, ашық, цифрлық түрде көрсету керек. Тұрғындарға, дәрігерлерге көрсету керек. Сол кезде ашық жүйе болады. Балаларға, жүкті әйелдерге, қарт адамдарға профилактикалық тегін тексерулердің тізімін кеңейту керек.