«Ауыл» партиясы Түркістан облысының тұрғындарымен кездесті

  • 7
  • 11.08.2026, 19:39

«Ауыл» партиясының кандидаттары Түркістан облысының тұрғындарымен кездесті. Басқосуда саяси ұйым өкілдері сайлауалды бағдарламасын таныстырып, негізгі бағыттарына тоқталды. Сонымен бірге жиында азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру, ауылдарда жаңа жұмыс орындарын ашу, тозығы жеткен ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту жайы сөз болды. Ал жергілікті халық елді мекендерде тұрғын үйлер салу, диқандарға субсидия беру мәселелерін көтерді.

Дәл осындай шара Ақмола облысы Қырыққұдық ауылында да өтті. Жиында тұрғындар жайылымдық жердің жетіспейтінін айтып, осы мәселеге қатысты сұрақтарын қойды. 

Қайрат Айтуғанов, «Ауыл» партиясының төрағасы: 

- Біз бүгінгі таңда 354 ауылды аралап шықтық. Ауылдардағы бірінші мәселе – жол мәселесі, екінші – интернет мәселесі, ең маңыздысы – жұмыс мәселесі. Біз оларға қандай жобалар бар екенін айтып жатырмыз. Ондай жобалар көп. Қазір бұл жобаларды Үкімет те қолдап жатыр. Біріншісі – қосалқы шаруашылықтарды біріктіру, екіншісі – кооператив құру.