«Ақ жол» партиясы Екібастұздағы өзекті мәселелерді талқылады

  • 8
  • 11.08.2026, 19:41

«Ақ жол» демократиялық партиясының жетекшісі Дания Еспаева бастаған республикалық штаб мүшелері мен кандидаттар Екібастұзға барды. Қаладағы су арнасы мен электр желілері  кәсіпорындарында болды. 1 мың 300 адам жұмыс істейтін еңбек ұжымына сайлауалды тұғырнамасын таныстырды. Шағын және орта бизнесті дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу және жылу желілері мен инфрақұрылымды жақсарту мәселелерін талқылады. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін жетілдіру, азаматтардың банкпен жұмыс үстеу мүмкіндігін жақсарту, сондай-ақ баспанамен қамту жайы айтылды.

Дания Еспаева, «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы:

- Бұл қала шағын болғанымен, әлеуеті өте жоғары. Тіпті алдағы уақытта мұнда дата-орталықтар да ашылады. Біз бүгін екі ұжыммен кездестік. Бұл қаланың ең көне кәсіпорындары күні-түні қаланы жарықпен, сумен және жылумен қамтамасыз етіп отыр. Компанияның қалай жұмыс істейтіні тұрғындар үшін маңызды болса, еңбек адамдарының жағдайы мен кәсіпорынның мәселелерін де шешу маңызды.