Астанада «Байтақ» партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидаттар экологиялық сенбілік өткізді.
Акция елордалық контрреттегіш аумағында ұйымдастырылды. Табиғатты қорғау полициясы мен әкімдік өкілдері де шараға қатысты. Қатысушылар аумақты қоқыстан тазартып, айналаны ретке келтірді.
Партия өкілдерінің айтуынша, экологиялық күн тәртібі тек заңдар мен саяси бастамалардан ғана тұрмайды. Қоршаған ортаның тазалығы әр адамның нақты ісінен басталады. Сондықтан табиғатты қорғау мемлекеттік органдардың ғана емес, барша қоғамның ортақ жауапкершілігі болуы тиіс.
Алмат Тұртаев, «Байтақ» партиясынан ҚР Құрылтай депутаттығына кандидат:
- Біртіндеп барша халқымыз, барлық азамат экологиялық санаға, «жасыл» бастамаларға тартыла түседі. Мұндай құндылықтар адам бойына бала кезден қалыптасуы керек. Бүгінгі іс-шара – күнделікті атқарылатын қарапайым жұмыстардың бірі.