«Әділет» партиясы Өскемендегі өзекті мәселелерді ортаға салды

  • 4
  • 11.08.2026, 19:36

«Әділет» партиясының республикалық сайлауалды штабының мүшелері Өскемен қаласына барды. Кандидаттар Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде білім, медицина, бизнес, ғылым мен мәдениет және зиялы қауым өкілдерімен кездесті. Жиында әйелдер көшбасшылығын дамыту, шағын бизнесті қолдау, ірі компаниялармен ынтымақтастық және шекара маңындағы аумақтарды дамыту мәселелері сөз болды. Үстел теннисі орталығында өткен кездесуде бұқаралық және адаптивті спортты дамыту мәселелері талқыланды. Тез құрастырылатын модульдік спорт нысандары салынса деген ұсыныс айтылды.

Жиынға қатысушылардың пікірінше, мұндай нысандар шағын елді мекендер үшін өте қажет. Бұл жыл бойы спортпен айналысуға мүмкіндік береді.

Аяулым Әмренова, фристайл-могулдан ҚР ұлттық құрама мүшесі:

- Бүгінгі күндеҚазақстанда денешынықтыру және спортты дамытуға байланысты көптеген жағдай жасалуда. Оның басты мақсаты –халықтың спортпен тұрақты шұғылдануына және салауатты өмір салтын насихаттау.