«Ауыл» партиясы Шымкентте экологиялық акция өткізді

  • 7
  • 12.08.2026, 19:38

Шымкентте «Ауыл» партиясы «Таза ауыл» экологиялық акциясын өткізді. Халықаралық жастар күніне орай ұйымдастырылған шараға 150-ге жуық студент пен партия белсенділері атсалысты.

Жастар қала іргесіндегі Бөржар бұлағының көзін ашып, айналасын күл-қоқыстан тазартты. Су көзінің маңын ретке келтіріп, аумақты абаттандырды. Ал тұрғындар экоакцияның қоршаған ортаны қорғаумен қатар, жұртшылықты ортақ іске жұмылдырғанын атап өтті.

Қайрат Айтуғанов, «Ауыл» партиясының төрағасы:

- Үлкен іс-шара ұйымдастырып жатырмыз. Қазір 150 студент жастар бар. Бұлақтың көзін ашып, тап-таза қылып жатырмыз. Біз «Таза ауыл» деген жаңа бағдарлама бастадық. Біз қалада да жұмыс істейміз, негізі біз «Ауыл» партиясы болған соң ауылдамыз. Ауылды тазалап, «Таза ауыл» деген бағдарлама құрдық.