Respublica Атырау жұртшылығымен жүздесті

  • 5
  • 12.08.2026, 19:39

Respublica партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидаттар Атырауда еңбек ұжымдары және тұрғындармен кездесті. Жергілікті кәсіпорындардың жұмысымен танысып, сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Жиындарда отандық өндірісті қолдау, кәсіпкерлікті дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу және еңбек адамын қолдау мәселелері талқыланды.

Құрылтай депутаттығына кандидаттар белсенді жастармен де жүздесіп, олардың бастамалары мен үздік жобаларын жүзеге асыру мәселелері талқылады.

Сәкен Қарин, Respublica партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидат:

- Біз екі-үш мекемені аралап өттік. Ол мекемелер жалпы қазақстандық өнім шығарады. Қазақстандық өнім болғандықтан, оларды біз қолдауымыз керек. Олар шетелден келіп жатқан өнімдермен тең дәрежеде бәсекелесе алады және сапасы да олардан төмен емес. Несиелер қажет, тиімді несиелер. Салықтық жеңілдіктер қажет. Оның бәрін заңға енгізу керек.