«Әділет» партиясының өкілдері Жетісу облысының тұрғындарымен кездесті. Саяси ұйым өкілдері, кәсіпкерлер мен түрлі сала өкілдері қатысқан басқосуда сайлауалды бағдарламасын таныстырды.
Ашық диалог форматында өткен жиында көпшілікті толғандырған өзекті мәселелер де талқыланды. Жаңа жұмыс орындарын ашу, орта бизнестің экономикадағы үлесін арттыру, өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуы және жергілікті жерлердің қаржылық дербестігі тақырыбы сөз болды. Партия өкілдері тұрғындардың сауалдарына жауап берді. Сонымен қатар Жетісу облысының ерекшеліктерін ескере отырып, туризм, ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлікті ілгерлетіп, шекаралық аймақтардың дамуы секілді маңызды мәселелерге де назар аударылды.
Жанарбек Әшімжан, «Әділет» партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидат:
- Жетісу, Алматы облыстары шекаралық өңірлер осы шекаралық өңірлерге қатысты олардың әлеуметтік ахуалын, ол жердегі кадрларды тұрақтандыру, жаңадан келіп жатқан денсаулық сақтауға, білім, бизнес саласына қатысты елге жастарды тарту тұрақтандыруға байланысты нақты бастамалар бар.