Жалпыұлттық социал-демократиялық партия өкілдері Ақтөбеде «20 белес» атты флешмоб өткізді. Партияның белсенді мүшелері тұрғындарды алдағы саяси науқанға қатысуға үндеді. Түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, парақшаларын таратты. Сонымен қатар қала тұрғындары өздерін қызықтырған ақпаратпен QR-код арқылы онлайн форматта да таныса алды.
Ал Семейде кандидаттар тұрғындармен интерактивті жұмыс сессиясын өткізді. Кездесу барысында қала тұрғындары облыс орталығындағы өзекті мәселелерді атап, оларды шешуге қатысты ұсыныстарын ортаға салды.
Рустем Сарманов, ЖСДП Абай облыстық филиалының төрағасы:
- Артымызда қаламыздың үлкен картасы тұр. Мұнда тұрғындар өздері үшін маңызды мәселелері бар жерлерді белгілей алады. Мысалы, жолдардың жағдайы, балалар алаңдары, әлеуметтік нысандар немесе экология мәселелері. Қазір тұрғындардың ұсыныстары мен мәселелерін тыңдаймыз. Кейін оларды саралап шешуді қажет ететін негізгі мәселелерді анықтаймыз.