Елімізде егін жинау науқаны жоғары өнімділікпен басталды. Биылғы жиым-терім алдында Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин күзгі егіс жұмысы бойынша жедел штаб отырысын өткізді. Қазір еліміздің барлық дерлік аймағында егін ору кезеңі қарқынды түрде жүріп жатыр.
Ауыл шаруашылығы вице-министрінің сөзінше, жалпы алғанда биыл 24 миллион гектардан аса егіс алқабынан өнім алынуы қажет. Оның 15 млн гектардан астамы дәнді және бұршақ дақылдар. Әзірге 3 миллион тоннадан аса астық қамбаға құйылған. Өткен жылы бұл уақытта 1 млн астық жиналған. Егін жинау науқанының ертерек басталуына аптап ыстық әсер етіп, дақылдар мерзімінен бұрын пісе бастаған.