Орталық сайлау комиссиясының ресми сайтында Sailau AI ассистенті іске қосылды. Тұрғындар «Үйден қалай дауыс беруге болады?», «Есептен шығару куәлігін қалай алуға болады?» деген сынды саяси науқанға қатысты барлық сұрағын осы жасанды интеллектіге негізделген көмекшіге қоя алады. Ол сайлауды ұйымдастыру және өткізу бойынша ақпаратты ел Конституциясын негізге ала отырып, заңдар мен нормативтік құқықтық актілерге сүйеніп жауап береді.
Тәулік бойы 2 тілде жұмыс істейтін Sailau AI telegram мессенджері де іске қосылған.