Құрылтай сайлауы: Кәсіпорындарда сайлау учаскелері құрылды

  • 7
  • 14.08.2026, 19:36

Сайлау күні таңнан кешке дейін жұмыста, тіпті өндіріс орнында болатын еңбеккерлер қалай дауыс береді? «Құрылтай сайлауында мұндай мәселеге алаңдамауға болады», - дейді мамандар. Мәселен, Ақмола облысында үздіксіз өндіріс жүретін кәсіпорындарда үш жаңа сайлау учаскесі құрылды.

23-ші тамызда жұмыста болатын 900-ден астам қызметкер сайлаушылар тізіміне енгізілді. Бұл оларға өндірістен қол үзбей, өз таңдауын жасауға мүмкіндік береді. Жалпы Ақмола облысында Құрылтай сайлауы күні дауыс беру 759 сайлау учаскесінде жүргізіледі.

Әсел Жанәбілева, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:

- Жуырда Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Конституциялық заңға өзгерістер енгізілді. Заң шығарушы қосымша сайлау учаскелері ашылуы мүмкін кәсіпорындардың тізімін толықтырды. Яғни сайлауға құқығы бар азаматтар сол күні жұмыс орнында ауысымда болады. Әрине, олардың жұмысын тастап, рұқсат сұрап кетуі қиын. Сондықтан осы кәсіпорында жұмыс істейтін мыңнан астам қызметкердің дауыс беруі үшін осындай сайлау учаскесін ашу туралы шешім қабылданды.