Қостанайдағы жабық аквапарк қайта жаңғыртылып, еліміздегі ең ірі демалыс су кешеніне айналмақ. Жаңа нысанның аумағы 10 мың шаршы метр. Бір мезгілде 500 адамды қабылдай алады. Жеті бассейн мен бірнеше су сырғанақтары салынады. Ең үлкен су аттракционының ұзындығы 75 метрге дейін жетеді. Сондай-ақ алаңда фуд-корт, демалыс аймақтары болады.
Аквапаркті қайта жаңғырту жобасының құны - 11 миллиард теңге. Құрылыс жұмыстары осы айдың соңына қарай толық аяқталуы тиіс. Нысан іске қосылғаннан кейін жүзден аса жаңа жұмыс орны ашылады.
Рауан Байгенжин, жоба жетекшісі:
- Ескі аквапаркке қарағанда бассейндер саны 3 есеге көбейтілген. Тағы бізде акватоник деген бассейн бар. Бұл гидромассаж функциясымен, яғни адамдардың денсаулығына пайдалы бассейн. Жасанды толқын бассейіні бар. Бұл адамдардың, келушілердің әр мезгіл сайын курорттағыдай сезінуі үшін жасанды толқындармен, сондай сезімге әкелетін сирек кезесетін бассейіндердің бірі.