Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының өкілдері Қызылорда облысы тұрғындарымен кездесті. Іс-шара барысында саяси ұйымның сайлауалды бағдарламасы таныстырылды.
«Төретам кенті «Байқоңыр» ғарыш айлағының іргесінде орналасқандықтан, географиялық және әлеуметтік-экономикалық жағдайы ерекше елді мекен саналады», - дейді партия өкілдері. Кездесу аясында жергілікті мәселелерді шешу жолдары да назардан тыс қалмады. Ашық диалог форматындағы жиын өңірдің басқа да елді мекендерінде өтеді деп жоспарланған.
Ерғазы Қожақов, ЖСДП Қызылорда облыстық филиалының төрағасы:
- Әлеуметтік сала, білім, медицина, құрылыс, ауыл шаруашылығы – барлық бағыт бойынша біздің бағдарламамыз қамтылған. Алдағы уақытта осы бағдарламаны жүзеге асыруды көздеп отырмыз. Осы уақытқа дейін жинақтаған ұсыныс-пікірлеріміздің барлығы бағдарламада ескерілді. Ендігі мақсат – оны халыққа кеңінен түсіндіру және сайлауға белсенді қатысуға шақыру.