«Байтақ» орман шаруашылығындағы мәселелерді талқылады

  • 2
  • 14.08.2026, 19:40

«Байтақ» жасылдар партиясының өкілдері «Қазақ орман орналастыру кәсіпорнының» мамандарымен кездесті. Жиында орманды алқаптардың жай-күйі мен жасыл аумақтарды кеңейту мәселелері талқыланды. Заңнаманы жетілдіру, жекеменшік орман қорын дамыту жайы да сөз болды. Партия мүшелері сайлауалды бағдарламаға енгізілген бастамаларын таныстырды. Ал кәсіпорын қызметкерлері саладағы өзекті мәселелер мен ұсыныстарын ортаға салды.

Алма Қараш, «Байтақ» партиясының мүшесі:

- Бұл кәсіпорындағы көпшілік қызметкер – алматылықтар. Оларды қазір қаланың экологиялық мәселелері алаңдатады. Себебі бәріміз бір ауамен тыныстаймыз. Кептелісте бірге тұрамыз. Маған, әсіресе, ұжымдағы жас мамандардың пластик қалдықтарға алаңдайтыны қызық болды. Олар орман саласына қатысты сұрақтарды ғана емес, осы пластик мәселесін де шешуді айтып отыр.