«Ауыл» партиясының өкілдері Шымкенттегі мұнай-логистика компаниясының ұжымымен кездесіп, жұмыс барысымен танысты. Кәсіпорын зауыт өнімін теміржол арқылы тасымалдаумен айналысады.
Кездесуде логистиканың бүгіні мен болашағы талқыланып, инфрақұрылымды дамыту жайы сөз болды. Іс-шара соңында жұмысшылар көкейдегі сауалдарын қойып, өз ұсыныстарын жеткізді.
Талғат Айтбаев, «Ауыл» партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидат:
- Тікелей өзіміздің ауылымызға келгендей деп айтуға болады. Келдік, үгіт-насихатты төрағаның өзі де көрсетті. Бүкіл Қазақстанда болып жатқан шаралардың барлығының нәтижесін көріп отырмыз. Белгіленген сайлауға дайындық, сайлауалды бағдарламамен елді таныстыру жұмыстары жүргізілуде. Қорытындылай келе, біз осындай үлкен мекемелерге де келіп жатырмыз.