Алматы және Алматы облысында электр қуаты жаппай өшті

  • 3
  • 14.08.2026, 19:34

Алматы мен Шымкент халқы және Алматы облысының бірқатар елді мекені жарықсыз қалды. Бұған елдің энергетикалық жүйесіндегі ақау себеп болған.

«Алатау Жарық Компаниясы» мамандарының мәліметінше, KEGOC желілерінде апат болған. Салдарынан желіні қорғайтын автоматты жүйе іске қосылған. Шымкентте де 38 мың абонент жарықсыз қалды.

Энергетика басқармасы қызметкерлерінің айтуынша, сағат 3-ке қарай 110 кВ төрт бірдей әуе электр желісі сөніп, автоматты жүйе іске қосылған. Оқиға орнына қазір апаттық қызмет мамандары тартылған. Қазіргі уақытта өңірлік энергиямен жабдықтаушы ұйымдар жекелеген тұтынушыларды кезең-кезеңімен қосу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Электр энергиясымен қамту мәселесін Қырғызстан және Тәжікстан Республикасының тұрғындары да сезген. Алдын ала мәлімет бойынша бұған Орталық Азияның ортақ энергетикалық жүйесіндегі қуат ағынының күрт өзгеруі себеп болған.