Жетісу облысындағы мектеп құрылысына қайтарылған активтер есебінен 5,5 млрд теңге бөлінді. Қазір Көксу ауданының Балпық би ауылында 600 оқушыға арналған жаңа білім ошағы салынып жатыр. Құрылысты 2027 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған.
Үкімет құны 610 млрд теңге болатын 500-ден астам әлеуметтік жобаны қаржыландыруды мақұлдады. Қор қаражаты білім беру, денсаулық сақтау, спорттық және коммуналдық инфрақұрылым нысандарын салуға және жаңғыртуға бағытталады. Тек білім беру саласында 17 жоба жүзеге асырылып жатыр.