Павлодар облысында орман өртінен келген шығын ₸5,9 млн жетті

  • 8
  • 17.08.2026, 19:37

Павлодар облысында орман өрттерінен келген шығын көлемі артып барады. Өрт қаупі кезеңі басталғалы мемлекеттік орман қорында 115 жағдай тіркелген. Бұл былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 25 пайыз көп. Келтірілген шығын 6 миллион теңгеге жуықтаған.

Өртке қарсы күрес қызметінің мәліметінше, олардың басым бөлігіне найзағай себеп болған. Сондай-ақ отты абайсыз пайдалану дерегі тіркелген. Өрт қауіпсіздігін бақылау мақсатында мамандар 1,5 мыңнан астам тексеру жүргізген. Нәтижесінде, талапты бұзған 250-ден астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға 1,5 миллион теңге шамасында айыппұл салынған.

Қайрат Шаймарденов, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:

- Өрттердің көбі найзағайдан шыққан. Осындай 92 жағдай тіркелген. Кейбір өрттер адамдардың отты абайсыз пайдалануынан болған.Мамандар өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша 1,5 мыңнан астам тексеру жүргізді. Ережені бұзған 250-ден астам адамға айыппұл салынды. Жалпы айыппұл көлемі 1,5 миллион теңгеден асты.