19 тамыз күні ««Хабар» Агенттігінің» 24KZ телеарнасында Құрылтай сайлауына арналған «Басты теледебат» өтеді. Бұған дейін басқа телеарналарда да осындай пікірсайыстар ұйымдастырылған болатын. Бұл жолы саяси додаға жеті партияның көшбасшылары қатысады. Әр саясаткер өз бағдарламасын таныстырып, азаматтарды толғандырған негізгі мәселелер бойынша ұстанымдарын ортаға салады.
Бекітілген регламентке сәйкес, пікірсайыс төрт раундтан тұрады. Әр кезеңнің өзіндік форматы мен міндеті бар. Көрермен саясаткерлердің ұсыныстарын саралай алады. Тіпті, өз сұрақтарын қоюға құқылы. Ол үшін экранда тыңдап, ұстанымдары мен шешімдерін көрсетілген QR-кодты сканерлеп, қатысушыларға мәтіндік хабарлама немесе бейнеүндеу түрінде сұрақ жолдай алады.
Ал теледебаттан бір күн бұрын жеребе тарту рәсімі ұйымдастырылады. Тікелей эфирде саяси партия өкілдерінің сөз сөйлеу реті анықталып, жеребе нәтижелері бірден электрондық жүйеде тіркеледі.