«Әділет» партиясы петропавлдықтармен кездесті

  • 7
  • 17.08.2026, 19:40

Петропавл қаласында «Әділет» партиясының республикалық сайлауалды штабы жергілікті тұрғындармен кездесу өткізді. Жиынға педагогтар, өнеркәсіп және агарлық сектор қызметкерлері, спортшылар мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Басқосу барысында білім беру, денсаулық сақтау, кәсіпкерлікті дамыту, жұмыспен қамту мәселелері талқыланды. Құрылтай депутаттығына кандидаттар өздерінің сайлауалды бағдарламасын таныстырып, қойылған сұрақтарға жауап берді. Партия мүшелері маңызды науқан кезінде бірқатар маңызды іс-шара ұйымдастыруды жоспарлап отыр. 

Ерлан Саиров, «Әділет» партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидат:

- Бұл жерде ең негізгі мәселе – жұмыс орындары, сапалы жұмыс орындары. Сонымен бірге аграрлы облыс болғандықтан, аграрлық саланы дамыта отырып, озық технологияларды әкелу мәселесі. Ең негізгісі, әрине, сапалы жұмыс орындары және жастардың жаңа деңгейге шығуы