ҚХП өкілдері Алматы облысында зиялы қауыммен кездесті

  • 8
  • 17.08.2026, 19:42

Қазақстан Халық партиясының өкілдері Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев атындағы халықаралық қор ғимаратында болып, зиялы қауыммен кездесті.

Партия төрағасы Нұрсұлтан Шоқанов қазіргі интеллегенция елдегі саяси өзгерістерді сырттан қадағалап, баға беруші ғана емес, Қазақстанның болашағын қалыптастырушы екенін баса айтты. Академиктер мен тарихшылар және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысқан жиында білім мен ғылым, мәдениетті дамыту және тарихи-мәдени мұраларды сақтау жайы сөз болды.

Партияның республикалық штабы енді Алматы облысындағы еңбек ұжымдарымен кездеседі.

Ләззат Сүлеймен, Қазақстан Халық партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидат:

- Халық партиясының бүгінгі бағдарламасының мақсаттарын талқылап, өздерінің ұсыныстарымен бірге өздерінің осы бағдарламаны қолдайтындарын көрсетті. Дінмұхаммед Қонаевтың осы халыққа қызмет етудің ең парасатты, ең қарапайым, ең ұтымды жолымен танысуға келіп, осы үлкен ақсақалдардың батасын да алып және алдағы саясатқа бір үлгі ретінде қабылдап кетті деп ойлаймын.